ПРЕСС-РЕЛИЗ «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін атап өтуге арналған іс-шаралар ақпараты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында мектебімізде бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды рухани құндылығы бай, өз елін, Отанын қадірлей білетін тұлға болуға баулу.
«Жас Ұлан» ЕДЮО қатарына мектептің озат оқушыларын қабылдау. Ұйым қатарын 1-3, 5-8 сынып оқушылары толықтырды. Салтанатты шеруге «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» №5 бөлімі директорының орынбасары Мурзаканов Асет Сержанұлы және ата-аналар қатысты.


«Менің Отаным Қазақстан» атты макеттер сайысы. Оқушылар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығынан керемет көрініс.




Тәуелсіздік күніне «Анам, әкем және мен» атты 1-сыныптар мен олардың ата-аналарына арналған спорттық ойын өтті.


«Менің Тәуелсіз Елім» атты сынып сағаты


«28 жыл тұрақтылық пен өркендеу» О. Бөкей атындағы орталық балалар кітапханасының №8 бөлімімен бірлескен интерактив


«Менің Қазақстаным» мектепішілік өнерлілер сайысы жүлдегерлерінің қатысуымен «Біз – Тәуелсіз ел ұрпағымыз» атты мерекелік концерт өтті. Концертке «Бқаралық спортты дамыту орталығы» №5 бөлімі директорының орынбасары Мурзаканов Асет Сержанұлы , ата-аналар және шағын аудан қоғамдастығы қатысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Н. М. Тарина педагогтарға, оқушыларға және қонақтарға арнап құттықтау сөз айтты.



Бірнеше апта дайындаған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Қорыта келе, керемет мерекелік шара дайындағаны үшін қонақтар мектеп әкімшілігі мен мұғалімдеріне алғыстарын айтты.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Борзенко М.А.