Мектеп Парламенті жаңа жылдық ертегі сыйлады!
🎄✨ Мектеп Парламенті жаңа жылдық ертегі сыйлады! ✨🎄 Жаңа жылдық кеші Осы аптада мектебімізде мектепалды және бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша мерекелері өтті. Бұл шараны Мектеп Парламенті ұйымдастырды. 🎅🏻❄️ Біздің белсенді оқушылар мерекені ұйымдастыруға ерекше ықыласпен дайындалды: жарқын костюмдер, көңілді байқаулар, қызықты ойындар және, әрине, Аяз ата мен Ақшақармен кездесу! 🦌🎁 Кішкентай қатысушылар қойылымға қуанып, барлық шараларға белсенді қатысып, ерекше әсер алды.