Коучингтің тақырыбы: "Тиімді сабақ жоспары - қол жетімді нәтиже" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 23" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор: 21-57-80
Бухгалтерия: 21-57-80
Қабылдау бөлімі: 62-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Коучингтің тақырыбы: "Тиімді сабақ жоспары - қол жетімді нәтиже"
13
сәуір
2017

Коучингтің тақырыбы: "Тиімді сабақ жоспары - қол жетімді нәтиже"

 Өскемен қаласы әкімдігінің «Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ

 

 

     Мектебімізде 07.04.17ж күні «Тиімді сабақ жоспары – қол жетімді нәтиже » тақырыбында коучинг сабағы өтті.

«Мұғалім неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен мұғалімдер ғана үздіксіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым- қатынастың маңызын түйсік деңгейінде түсіне отырып, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен өзгересіз» деген С. Бичтің айтқан пікірін күнделікті жұмысымызға тілге тиек отыра мектебімізде «Тиімді сабақ жоспары - қол жетімді нәтиже» тақырыбында тағы бір коучинг сабағы өткізілді. Коучингті «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған Сейтмухамбетова Э.С мен Нургалиева Ж.Т. және тренерлік курсты аяқтаған Ихсанова Г.А өткізді.

    Мақсаты: Мұғалімдерді жаңартылған білім беру мазмұнында күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауды, сабаққа нақты мақсат қоя білуді, жоспарлаудың үлгісін ұсыну еді. 

    Нәтижесінде мұғалімдер қауымы сабақ жоспары туралы түсінік алады. Сабаққа нақты мақсат қоюдың жолдарын үйренді. Өз көзқарастарын білдіріп, іс тәжірибелерімен бөлісті. Тиімді жоспар нақты мақсаттарға қол жеткізеді деген сұрақтар төңірегінде талқылау жұмыстарын жүргізді. Тиімді жоспарлау арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатындығына өз ойларын білдірді.