«ТМК УК» АҚ-ның қолдауымен мектебімізде кәсіптік бағдар беру
Бүгін әлеуметтік серіктестеріміз — «ТМК УК» АҚ-ның қолдауымен мектебімізде кәсіптік бағдар беру кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ШҚО білім басқармасының, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің өкілдері, «ТМК УК» АҚ басшылығы, сондай-ақ жоғары оқу орындарының — ШҚМУ мен ШҚТУ өкілдері қатысты. Жаңа кабинет оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына арналған маңызды алаңға айналып, мектеп оқушыларына мамандықтар әлемімен жақынырақ танысуға, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға