Бастауыш сыныптар арасында өткен пәндік олимпиада » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 23" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор: 21-57-80
Бухгалтерия: 21-57-80
Қабылдау бөлімі: 62-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сыныптар арасында өткен пәндік олимпиада
11
сәуір
2019

Бастауыш сыныптар арасында өткен пәндік олимпиада

18 наурыз күні негізгі пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өтті. Мектебіміздің директоры Нурканова Сауле Толеукановна оқушыларға өзінің ізгі тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі. Сағат 10 да олимпиаданың ашылу салтанаты басталды. Олимпиадаға 3,4 сыныптардан 72 оқушы қатысты.Мектепшілік олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар мектеп намысын қорғауда қалалық пәндік олимпиадаға жолдама алды. Олар: Тоқтарова Аяулым, Асқарқызы Сезім, Дәулет Карина, Сабиғазы Елхан, Мақанов Али, Мұратханова Дильназ, Сырмов Игілік, Смагулова Айзат, Раджанұлы Расул, Нұрлан Ұлан, Ернарқызы Айша, Бақтқанова Айзат.

Бастауыш сыныптар арасында өткен пәндік олимпиада

27 наурыз күні №43 мектеп-гимназияда «Балдырған-2019» атты қалалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада 3,4 сыныптар қатысты.Біздің мектептен қомандалық 12 оқушы қатысты.Оқушыларымыз қанжығаларына жүлделі орындарды иемденіп қайтты. Олимпиада қорытындысы бойынша математика пәнінен ІІ орын алған 3 «К» сынып оқушысы Тоқтарова Аяулым. Пән мұғалімі Кегенбаева Жұлдыз Қамбарғалиқызы . ІІІ орынға ие болған 4 «К» сынып оқушысы Дәулет Карина. Пән мұғалімі Сакенова Зинат Кабдрашевна.Орыс тілі пәнінен 4 «К» сынып оқушысы Смагулова Айзат ІІорын. Пән мұғалімі Акетова Кулянда Акашевна. Қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәнінен ІІ орынға ие болған 4 «Д» сынып оқушысы Сабиғазы Елхан. Пән мұғалімі Бархиева Динара Амангельдиновна. Дүниетану пәні бойынша ІІ орын алған 4 «Е» сынып оқушысы Мұратханова Дильназ. Пән мұғалімі Сабитова Арайлым Балтагалиевна. Ағылшын тілі бойынша ІІІ орынға ие болған 3 «Д» сынып оқушысы Раджанұлы Расул. Пән мұғалімі Толқамбаева Альмира Мергалиевна.

4 «Е» сыныптан ІІІ орынға ие болған Рамазанова Аделя. Пән мұғалімі Дарыбаева Айнур Макановна. Бейнелеу өнері пәнінен ІІІ орын алған 3 «Е»сынып оқушысы Ерназқызы Айша,ұстазы Разиева Нағима Тлеужановна. 4 «Е» сынып оқушысы Бақтқанова Айзат ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі Сабитова Арайлым Балтагалиевна. №23 мектептің оқушылары мен мұғалімдері командалық ІІІ орынға ие болды.

Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады. Ел ертеңі, шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып,қанаттарың талмасын, келесі оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Бастауыш сыныптар арасында өткен пәндік олимпиада