«Абай-дана, Абай- дара!» қалалық байқауы
Абайдың 175 жылдығына арналған қалалық байқауларға қатысудан мектебіміздің мұғалімдері де қалысар емес. Ақпан айында «Абай-дана, Абай- дара!» атты қалалық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын сақтау және насихаттау, өз халқының тарихына деген шынайы, патриоттық сезімді қалыптастыру.
«Абай- ұлы даланың ұлы ойшылы» атты аталым бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің бірлестігі «Абай жолы» роман эпопеясындағы әйелдер образы» тақырыбында әдеби -сазды кеш ұйымдастырды. Бұл кеште бала Абайдың бейнесін 9 «К» сынып оқушысы Тоқтаров Еламан сомдаса, ақын, аға Абайдың бейнесін мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Файзрахманов Медет Нигметоллаевич сомдады. Сонымен қатар, сазгер, ақын Біржан салдың рөлін 11 «К» сынып оқушысы Айкенов Тамырлан жақсы сомдап шықты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысқан әдеби сазды кеш жоғары деңгейде өтті.

Анықтама берген: Сейтмухамбетова Э.С.