19
мамыр
2025
Оқушылармен кездесу өтті “Қауіпсіздік ережелері – сенің қорғанысың”
Оқушылармен кездесуОқушылармен кездесу: “Қауіпсіздік ережелері – сенің қорғанысың”
Мектебімізде ШҚО Полиция департаменті Тергеу басқармасының жеке меншікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Нуралин Ғазиз Мейірұлы оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында балаларға интернетте де, шынайы өмірде де қауіпті жағдайлардан қалай сақтану керек екені жан-жақты түсіндірілді.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
1️⃣ Буллинг және құқықбұзушылық:мектептегі қорқыту, кемсіту және олардың психологиялық салдары; құқықбұзушылықтардың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік.
2️⃣ Нашақорлықтың зияны: есірткі заттарының адам денсаулығына қауіптілігі; тәуелділікке қарсы күресу және алдын алу шаралары.
3️⃣ Жеке шекараларды қорғау: өз құқығын білу және жеке кеңістікті қорғау маңыздылығы; қауіпті жағдайларда кімнен көмек сұрау қажеттігі.
4️⃣ Жол қауіпсіздігі: жолдан өту ережелері, велосипед, электросамокат және роликтерді дұрыс пайдалану; жол жүру ережелерін бұзудың салдары мен жауапкершілігі.
5️⃣ Суға түсу қауіпсіздігі: тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған жерлерде суға түсу; белгіленген аймақтардан аспау, қатты ағындар мен қауіпті аймақтардан сақ болу; судағы тәртіп ережелерін сақтау және төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдері.
Кездесу барысында оқушыларға пайдалы кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына толық жауаптар қайтарылды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр баланың өз өміріне деген жауапкершілігі