«Абайтану» бұрыштарын ұйымдастыру туралы. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 23" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор: 21-57-80
Бухгалтерия: 21-57-80
Қабылдау бөлімі: 62-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайтану» бұрыштарын ұйымдастыру туралы.
28
ақпан
2020

«Абайтану» бұрыштарын ұйымдастыру туралы.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы 30 мамыр 2019 жылы Жарлыққа қол қойды. Жарлықтан соң мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында Қаулы қабылданды. Сол Қаулының 2 тармағында  2019 жылғы   1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды бекіту керектігі айтылған.

  Осы негізде республика бойынша барлық мемлекеттік мекемелерде жоспар жасалынып сол жоспарды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл іс -шараны өткізуде біздің мектебіміз де назардан тыс қалған жоқ. Ең алдымен мүмкіндігінше пән кабиенттерінде, мектеп кітапханасында ұлы ақынның 175 жылдығына арналған бұрыштар ұйымдастырылды. Бұл жерлерден қазағымыздың дара да дана ақыны Абай жайлы, оның шығармалары жайлы, Абай ұрпақтары туралы көптеген ақпараттар алуға болады.






                                                                                                          Ақпаратты дайындаған:    Сейтмухамбетова Э.С