Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың қара сөздері» атты қалалық зияткерлік ойын » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 23" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор: 21-57-80
Бухгалтерия: 21-57-80
Қабылдау бөлімі: 62-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың қара сөздері» атты қалалық зияткерлік ойын
28
ақпан
2020

Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайдың қара сөздері» атты қалалық зияткерлік ойын

     Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған қалалық әртүрлі зияткерлік ойындар мен конкурстар өз жалғасын табуда. 14 ақпан күні қала мектептерінің арасында «Абайдың қара сөздері» атты зияткерлік ойын өтті. Мақсаты: қазақтың ұлы ақынының қара сөздері туралы мәлімет алу, қара сөздерінің тәрбиелік танымдық мағынасын ажырату, идеялық мазмұныны түсіну. 

      Бұл сайысқа мектебіміздің 8 сынып оқушылары қатысты. Үйге берілген тапсырма бойынша Абайдың отыз бірінші қара сөзін сахналау болатын. Қатысушы оқушылар Секенева Гүлжан, Құмарбекова Жанерке, Сагынган Тимир, Ларионова  Виктория, Даулетов Әділет ІІ орынды иеленіп қайтты. Оқушылар тек қана сахналық қойылым қойып қана қоймай, ақынның қара сөздері бойынша, Абай шығармашылығынан берілген тапсырмаларға қатысып, білімдерін шыңдап қайтты. 

Оқушыларды дайындаған пән мұғалімдеріне Жолмағанбетова Н.О., Сейтмухамбетова Э.С., Тойлыбаева Г.К. алғыс білдіреміз. 



                                                                                                           Анықтама берген:  Сейтмухамбетова Э.С.