20
мамыр
2019
«Бәйтерек -үздіктер символы» атты оқу үздіктерінің шеруі
Мамырдың 18 жұлдызы күні мектебіміздің тарихында тұңғыш рет «Бәйтерек -үздіктер символы» атты оқу үздіктерінің шеруі аталып өтті. Салтанатты шерудің мақсаты оқу жылы көлемінде оқу үздіктерінің қатарында келген оқушыларды оқудағы жетістіктері үшін марапаттау болып табылады. Мектеп бойынша биылғы оқу жылында 1-11 сыныптар арасында 251 оқушы оқу үздіктері атанды. Оқу үздіктері арнайы сары галстуктармен ерекшеленді. Сонымен қатар «Бәйтерек» белгісіндегі төсбелгімен марапатталды. Педагогикалық кеңестің шешімімен 20.05.19-25.05.19ж аралығында сабақтан босатылды.
Үздіктер шеруі мектеп тарихында өз орнын алады деген ойдамыз. Мектеп тарихына жаңа бір парақтың қосылғандығын білдіреді.