Өскемен қаласында «Жаңа жылда жақсылық сыйла!» мерекелік концерті өтті » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 23" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор: 21-57-80
Бухгалтерия: 21-57-80
Қабылдау бөлімі: 62-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өскемен қаласында «Жаңа жылда жақсылық сыйла!» мерекелік концерті өтті
24
желтоқсан
2024

Өскемен қаласында «Жаңа жылда жақсылық сыйла!» мерекелік концерті өтті

2024 жылғы 24 желтоқсан: Өскемен қаласында «Жаңа жылда жақсылық сыйла!» мерекелік концерті өтті

Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған «Жаңа жылда жақсылық сыйла!» атты мерекелік концерт өтті.

Іс-шара барысында Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектептің оқушылары өз өнерлерімен көрермендерді қуанышқа бөледі. Концерт қатысушыларына ұйымдастырушылар шынайы ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Алғыс хаттар табыс етілді:
• №23 мектептің барлық 23 оқушысына,
• Мектеп директоры Тарина Нургуль Мампасовна
• Музыка жетекшісі Алимбаева Нагима Акашевна.

Бұл шара жаңа жыл қарсаңында мейірім мен қуанышқа толы ерекше мереке сыйлап, барша қатысушылардың жүрегін жылыта білді.#единоевоспитание#біртұтастәрбие#қамқор