07
сәуір
2025
Ауған-Тәжік шекарасында интернационалдық борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлердің есімін сыныптарға беру рәсіміне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бүгін мектебімізде 1995 жылғы 7 сәуірде Ауған-Тәжік шекарасында интернационалдық борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлердің есімін сыныптарға беру рәсіміне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Осы күннен бастап 5 «В» сыныбы Ержан Абдиев, ал 6 «В» сыныбы Радик Қаймолдиев есімін иеленді. Бұл құрметті атақ оқушыларға өз ойлары, іс-әрекеттері мен жетістіктері үшін ерекше жауапкершілік жүктейді.
Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты:
•Оразбаев А.А. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының кеңесшісі, өңірлік қолбасшылық ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полковник;
•Сағдуллаев С.С. – 6699 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник;
•Қадыров Асхат Гадылбекұлы – Ауған соғысының ардагері.
Жас сарбаздарды құрметті атаққа ие болуымен құттықтаймыз! Оқуда, спортта және шығармашылықта табыс тілейміз!#біртұтастәрбие
Жас сарбаз