07
сәуір
2025
«Ер есімі – ел есінде»
«Ер есімі – ел есінде»аталмыш акция аясында 7 сəуір күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 əскери бөлімдерде 1995 жылдың 7-ші сəуірінде тəжік-ауған шекарасын қорғауда қаза болған Қазақстан Республикасы ішкі əскерлерінің 17 ержүрек жауынгерлерінің рухына арналған «Ерлік күні» аталып өтті. Өскемен қаласындағы М. Шаяхметов атындағы # 23 орта мектепте 6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің аға көмекшісі майор Н. Жукубаевпен, тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндет атқарған ардагерлердің қатысуымен «Ерлік сабағы» өтті. Шара басында мектептің акт залына жиналған «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілеріне және 10,11 сынып оқушыларына 17 боздақтың ерлігін баяндайтын деректі фильм көрсетілді. Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік міндет атқарған ардагер-бітімгерлер Даулет Серікқазыұлы, Бекжан Жалелович және Нұрболат Төлегенұлы естеліктерімен бөлісіп, қарулас достарын еске алды. Соның ішінде Даулет Серікқазыұлы сол қанды оқиғаның куәгері болып, ерлікпен шайқасқан. Әскери бөлім басшылығы жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелейтін аталмыш шараның өтуіне қолдау көрсеткен М. Шаяхметов атындағы мектеп ұжымына алғыс білдірді.#біртұтас_тәрбие
В рамках акции «Ер есімі -ел есінде» 7 апреля в воинских частях 6699, регионального командования «Шығыс», прошёл День мужества, посвящённый памяти 17 воинам внутренних войск Республики Казахстан, погибших 7 апреля 1995 года при защите таджикско-афганской границы.
В средней школе № 23 имени М. Шаяхметова в городе Усть-Каменогорске прошёл Урок мужества с участием старшего помощника начальника отделения воспитательной и социально-правовой работы воинской части 6699 майора Н. Жукубаева, а также ветеранов, принимавших участие в боевых действиях на таджикско-афганской границе.
В начале мероприятия в актовом зале школы для воспитанников класса «Жас сарбаз» и учащихся 10–11 классов был показан документальный фильм, рассказывающий о подвиге 17 героев. Ветераны-миротворцы Даулет Серикказыулы, Бекжан Жалелович и Нурболат Тлегенулы поделились воспоминаниями и почтили память своих боевых товарищей. Особенно тронул рассказ Даулета Серикказыулы, который был очевидцем тех кровавых событий и сражался с отвагой.
Командование воинской части 6699 выразило благодарность коллективу школы имени М. Шаяхметова за поддержку в организации этого мероприятия, воспитывающего молодое поколение в духе любви к Родине.
Оқушылармен кездесу