Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген семинар
Қаңтардың 25 күні Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдерге арналған семинар берді. Семинарға мектебіміздің мұғалімдері барып, іс-тәжірибе алмасып қайтты. «Тіл сабақтарындағы оқытудың жаңа әдістері мен тәжірибелерінен» атты шеберлік сыныбына орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі мұғалімдері қатысса, «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқыту тәжірибесінен » атты практикум сабаққа химия, биология, математика, информатика пән мұғалімдері қатысты.