«Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 23" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор: 21-57-80
Бухгалтерия: 21-57-80
Қабылдау бөлімі: 62-00-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
31
қазан
2023

«Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Педкеңес
Мектебімізде «Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бархиева Д.А. өз сөзінде нормативтік-құқықтық актілерге, бұйрықтарға, қаулыларға назар аударып, білім беру мекемесінде инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңыздылығын көрсетіп, жұмыстың негізгі бағыттарын баяндады.
Тарих пәнінің мұғалімі Улмесекова Н.Д. және дефектолог Старостина Т.К ерекше бақылауды қажет ететін балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.Топпен жұмыс жасай отырып, мұғалімдер бұл мәселенің өзектілігін атап өтті. Жалпы білім беретін мектепте оны жүзеге асырудың нақты шарттары мен қиындықтарын анықтап, оны табысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтады.
Мектеп директоры Тарина Н.М. педагогикалық кеңесті қорытындылай отырып, мектептің алдағы уақытта осы салада атқаратын міндеттерін айқындап берді. 
​​​​​​