28
ақпан
2020
«Абайды оқы, таңырқа» атты өнеге сағаты
07.02.2020 жылы мектебімізде «Абайды оқы, таңырқа» атты өнеге сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мектепішілік жұмыс жоспарымен, шығармашылығымен таныстыру. Өнеге сағатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Иганова Г.К оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берді. 5 «К»сынып оқушысы Смагулова Айзат Абайдың шөбересі, ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі Гүлзипа Исрайылқызының «Бабалар рухы сөнбесін» атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Рашидова Диляра Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен көрермендерді тәнті етті.


Ақпарат берген: Сейтмухамбетова Э.С.


Ақпарат берген: Сейтмухамбетова Э.С.